Шарбақтылық студенттерге кәсіпкерлер тәлімгерлік етеді

Шарбақтылық студенттерге кәсіпкерлер тәлімгерлік етеді
Фото: Константин Шелков

Бұл жайлы кәсіпкерлер кеңесінде айтылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы «Атамекен» палатасы Шарбақты  ауданы филиалында бейнеконференция режимінде аудандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өтті. Кездесуде сауда, ауыл шаруашылығы және қоғамдық тамақтану салаларындағы кадрлардың тапшылығы мәселелері көтерілді. 

№ 22 Шарбақты колледжінің басшысы Владимир Глазинский колледждің бітіруші топтарында аудан кәсіпкерлерінің дәріс оқу дәстүрін қайта бастауды ұсынды. Студенттерді бизнестің негіздерімен таныстыруға, оның дұрыс басталуы мен ашылуына көмектеседі. Сондай-ақ осы топтар үшін кәсіпкерлік нысандарына экскурсиялар ұйымдастыру тәжірибесін жаңғырту туралы пікір білдірді. 

Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы тәлімгерлік практикасының оң тәжірибесін еске салды, бұл өз кезегінде бизнесті сауатты жүргізу туралы білім деңгейін арттыруға ықпал етеді. Жергілікті атқарушы органдарға бюджеттік топтардағы орындарды ұлғайту мәселесін зерделеу және пысықтау ұсынылды.

Павлодар облысы бойынша еңбекке жұмылдыру орталығы Шарбақты аудандық мансап орталығы филиалының басшысының міндетін атқарушы Нұрлыбек Қизатов оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастырудың қолданыстағы әлеуметтік бағдарламалары туралы баяндады.

«Жастар практикасы» бағдарламасы 35 жасқа дейінгі азаматтарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Бұл ретте жалақы мөлшері кемінде 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды. «Әлеуметтік жұмыс орындары» кез келген жастағы адамдарды он екі айға жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді. «Бірінші жұмыс орны» бағдарламасы жұмыс істемеген 35 жастан аспаған азаматтарға жұмыс беруге мүмкіндік береді, жұмыс ұзақтығы 18 айды құрайды.

Отырыста кәсіпкерлердің өздеріне еңбекақының лайықты деңгейін қамтамасыз етуге, жұмыс орындарында қауіпсіз жағдай жасауға, еңбек құқықтары мен қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге үлкен назар аудару ұсынылды.