Асайын Байханов: Мәдениет саласына ерекше көңіл бөлінеді

Асайын Байханов: Мәдениет саласына ерекше көңіл бөлінеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыс әкімі мәдениет саласы бойынша қысқаша есеп берді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

–  Өңірімізде 512 мәдениет нысанында төрт мыңнан астам адам жұмыс істейді. Объектілерді ұстау және жалақы төлеу үшін облыс бюджетінен 6,6 миллиард теңге бөлінді. Екібастұз қаласының Бәйет және Тереңкөл ауданының Қызылтаң, Павлодар ауылдарында үш жаңа мәдениет үйлерінің құрылысына бюджеттен бір  миллиард теңгеден астам қаражат салынды, – деп жазды Асайын Байханов Іnstagram парақшасында.

Өткен жыл ақын Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығы, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығы, композитор Естай Беркімбаевтың 155 жылдығы, ұлы ойшыл, этнограф Мәшһүр Жүсіптің 165 жылдығы, рухани ағартушы Ғабдул-Уахит хазіреттің 170 жылдығы сияқты мәдени және мерекелік іс-шараларға толы болды. 

Сондай-ақ, 2023 жылы ақындар сайыстары өткізілді.  Өңірімізде алғаш рет он айтыс ұйымдастырылып, олардың бірі республикалық деңгейде өтті. Мәрес Байрон, Нұрғанат Қайрат, Абзал Қабдраш, Нұрсұлтан Рымбай, Аспанбек Шұғатаев және Бөкен Жігер сынды атақты айтыскерлер  жеңістерімен қуантты.

Сондай-ақ, біздің өңір елімізде бірінші болып ауылдық кітапханалар базасында 43 коммуникация орталықтары ашылды.  Қай халықтың мәдениеті биік болса, сол халықтың рухы да жоғары. Сондықтан мәдениет саласына ерекше көңіл бөлінетін болады, – деді Асайын Байханов.

Бюджет қаражаты есебінен кітапхана қоры екі мыңнан астам жаңа кітаппен толықты.