Солнечный кентінде жағажай ашылды

Демалушыларды жарқын, көңілді және тамаша атмосфера күтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жағажайда жайлы шезлонгтар және таза құм, сергітетін лимонадтар, алкогольсіз сусындар және дәмді тағамдар, музыка қарастырылған.
Еске сала кетейік, сәуір айынан бастап «Орталық», «Усолка» жағажайлары мен «Қоғамдық балалар бассейні» жазғы маусымға дайындалды. Орталық жағажайда 1500 шезлонг, 12 душ және 8 ауызсу фонтаны орнатылды. «Усолка» жағажайында – 150 шезлонг, 4 шешінетін бөлме және 4 ауызсу фонтаны бар.
Жағажайларда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, көлеңкелік шатырлар, пирстер, құтқару мұнаралары, душтар және балаларға арналған арнайы бассейндер орнатылды. Су қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін буйлар қойылды.