Павлодарда ел дамуына үлес қосқан әйелдерге арналған көрме ашылды

Павлодарда ел дамуына үлес қосқан әйелдерге арналған көрме ашылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көрмеге кіру билеті – 100 теңге, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық Г. Н. Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Павлодар өңірінің тарихындағы атақты әйелдер» атты көрме ашылды. Экспозицияға еңбегі мен шығармашылығы арқылы қоғамның дамуына үлес қосқан әйелдер туралы материалдар қойылған.

Сондай-ақ, көрмеде әйел әлемінің ажырамас бөлігі саналатын сәндік киімдер, аксессуарлар мен сұлулыққа арналған бұйымдар ұсынылған.

Көрме 11 наурызға дейін жұмыс істейді. Билет бағасы – 100 теңге.