Павлодарда 3 маусымнан бастап жағажай маусымы ашылады

ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы су айдындарының түбін тексеріп, олардың қауіпсіздігін растады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Сәуір айынан бастап «Орталық», «Усолка» жағажайлары мен «Қоғамдық балалар бассейні» жазғы маусымға дайындалды.
Орталық жағажайда 1500 шезлонг, 12 душ және 8 ауызсу фонтаны орнатылды.
«Усолка» жағажайында – 150 шезлонг, 4 шешінетін бөлме және 4 ауызсу фонтаны бар.
Жағажайларда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, көлеңкелік шатырлар, пирстер, құтқару мұнаралары, душтар және балаларға арналған арнайы бассейндер орнатылды. Су қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін буйлар қойылды.
1 маусымнан бастап демалыс аймағы бар «Қоғамдық балалар бассейні» жұмыс істеп тұр. Жұмыс уақыты: күн сайын 9:00-ден 20:00-ге дейін, дүйсенбі – санитарлық күн.
Қауіпсіздікті «Элекор» ЖШС-нің 16 құтқарушысы мен полиция қызметкерлері қамтамасыз етеді.
Бақылау үшін бейнебақылау камералары орнатылды: Орталық жағажайда – 12, Усолка жағажайында – 6 камера. Барлық камералар ТЖД құтқару станцияларына қосылған.