Баянауыл ауданында фельдшерлік-акушерлік пункт салынуда
Нысанның құрылысын келесі жылы аяқтау көзделіп отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жұмат Шанин ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттің алғашқы кірпіші қаланды. Бұл 1982 жылғы азаматтардың «NAK» компаниясымен бірге мектеп қабырғасынан түлеп ұшқандарына 25 жыл толуына орай ауылға жасаған сыйлары болды.
Бас мердігер – «Нұр Астана Құрылыс» ЖШС. Шараға мердігер де қатысып, іргетасын қалау жұмыстары халықтың ақ батасымен басталды.
Нысан 2025 жылғы тамызда толығымен аяқталып, халық игілігіне беріледі. Медициналық ғимараттың ішкі жабдығы да «NAK» компаниясының демеушілігімен алынады.
– Қаймағы бұзылмаған ауыл тұрғындарының бірлігіне куә болдық. Сондай-ақ ауылдың ажарын айшықтап тұрған арка – ауыл халқының бірлігі мен берекесінің көрінісі. 1982 жылғы азаматтардың ұйымдастыруымен қолға алынған іс-шара тұрғындарға қуаныш сыйлады, – дейді аудан әкімі Ардақ Кісентаев.
Аудан әкімі Ерлан Каналимов бастаған ауыл азаматтарына туған өлкенің өркендеуіне қосып жатқан үлестері үшін алғысын білдірді.