Жүктілікке дайынсыз ба? Болашақ ата-аналарға арналған чек-парақ
Жүктілікті жоспарлау – болашақ ананың ғана емес, әкенің де денсаулығына жауапкершілікпен қарауды талап ететін маңызды кезең. Дәрігерлер жүктілікке дейін 2-3 ай бұрын прегравидарлы дайындықтан өтуді ұсынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарлық «Almaz Medical Group» емханасының акушер-гинеколог дәрігері Айгүл Еренғайыпованың айтуынша, прегравидарлы дайындық – жүктілікке алдын ала дайындалу, денсаулық жағдайын тексеру, қажетті талдаулар тапсыру, ауруларды анықтап, емдеу және ағзаны жүктілікке дайындау.
Міне, болашақ ата-аналарға арналған маңызды чек-парақ:
1. Дәрігерге қаралыңыз
Бірінші қадам
- Жалпы тәжірибелік дәрігердің қабылдауына жазылу.
- Гинекологтың кеңесінен өту.
- Созылмалы аурулар болса, дәрігерге хабарлау.
- Қажет болған жағдайда қосымша мамандардың тексеруінен өту.
2. Қажетті талдауларды тапсырыңыз
- Жалпы қан талдауы.
- Жалпы зәр талдауы.
- Қан сарысуындағы глюкоза деңгейін анықтау.
- АИТВ (ВИЧ) инфекциясына тест.
- В және С гепатиттеріне талдау.
- Мерезге (RW) талдау.
- Гинекологиялық жағынды.
- Электрокардиография (ЭКГ).
- Флюорографиялық тексеру.
Талдаулар мен тексерулер тізімін дәрігер денсаулық жағдайына қарай нақтылайды.
3. Гинекологиялық тексеруден өтіңіз
- Гинекологтың толық тексеруінен өту.
- Қажет болған жағдайда кіші жамбас ағзаларының УДЗ-сын жасау.
- Шағымдар болса, инфекцияларға тексерілу.
- Анықталған мәселелерді жүктілікке дейін емдеу.
4. Фолий қышқылын қабылдауды бастаңыз (Кез келген дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігермен кеңесіңіз)
Маңызды
- Фолий қышқылын жүктілікке дейін қабылдауды бастау.
- Көпшілік әйелдерге ұсынылатын тәуліктік мөлшері – 400 мкг.
- Жоғары дозаны тек дәрігердің нұсқауымен қабылдау.
Фолий қышқылы болашақ сәбидің жүйке түтігі ақауларының алдын алуға көмектеседі.
5. Өмір салтыңызды реттеңіз
- Темекі шегуден бас тарту.
- Алкогольден бас тарту.
- Дұрыс әрі теңгерімді тамақтану.
- Ұйқы режимін сақтау.
- Тұрақты физикалық белсенділікпен айналысу.
- Артық салмақ болса, дәрігермен бірге салмақты қалыпқа келтіру жоспарын жасау.
- Созылмалы ауруларды бақылауда ұстау.
6. Болашақ әкенің де денсаулығы маңызды.
Жүктілікке дайындық тек әйел адамға қатысты емес. Ер адам да өз денсаулығына көңіл бөлуі керек.
- Темекіден бас тарту.
- Алкогольді шектеу, мүмкіндігінше толық бас тарту.
- Созылмалы ауруларды бақылау.
- Дұрыс тамақтану.
- Ақуыз бен темірге бай тағамдарды жеткілікті тұтыну.
- Дене белсенділігін сақтау.
- Қажет болған жағдайда дәрігерге қаралып, тексеруден өту.
Прегравидарлы дайындық – дені сау жүктілікке жасалған алғашқы қадам. Жүктілікті жоспарлаудан 2-3 ай бұрын дәрігерге қаралып, қажетті тексерулерден өту болашақ ана мен баланың денсаулығы үшін маңызды.