Павлодарлық велошабандоз «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды
Ол – Азиада ойындарында тарихи алтынға қол жеткізген Екібастұз қаласының тумасы Рината Сұлтанова, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жуырда Мемлекет басшысы Азия ойындары мен Азия Пара ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысып, ХХХ Жазғы Азия ойындары мен V Азия Пара ойындарында қазақстандық спортшылардың жоғары нәтижелерін атап көрсетті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық спорт аренасында ел атынан лайықты өнер көрсеткен спортшылардың жетістіктерін тілге тиек етті.

Марапатталғандардың қатарында тас жолдағы велоспорттан Азия ойындарының алтын медалінің иегері Рината Сұлтанова да бар. Велошабандоз «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Рината Азиадада Қазақстанға алтын медаль әкеліп, төрт кезеңнің қорытындысы бойынша «омниум» пәнінен күміс жеңіп алған.
Еске сала кетейік, Рината Сұлтанова ХХ жазғы Азия ойындарында әйелдер арасындағы тасжол велоспортынан жекелей жарыста топ жарған болатын. Спортшы алғашқы жарыс күнінде-ақ үздік нәтиже көрсетіп, мәреге 36:23.72 уақытпен жетті.
Бұл – Рината Сұлтанованың Азия ойындарындағы екінші жүлдесі. Бұған дейін Ханчжоуда өткен Азия ойындарында ол жекелей уақытқа жарысудан қола медаль жеңіп алған болатын.
Фото: Ақордадан