Павлодарда жылу қарызын бөліп төлеуге болады

Павлодарда жылу қарызын бөліп төлеуге болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қала тұрғындарына берешекті өтеуге жеңілдік қарастырылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар жылу желілері» ЖШС-де «Шаг навстречу» акциясы аясында жылу ақысын бірден төлеуге қиналған тұрмыстық тұтынушылар қарызды бөліп төлеу туралы келісім жасаса алады.

Компанияның мәліметінше, өтініш беру үшін берешектің кемінде 20 пайызын алдын ала төлеу қажет. Төлемді растайтын түбіртекпен бірге мына құжаттар ұсынылады:

  • пәтерге құқық белгілейтін құжаттар;
  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • табыс туралы анықтамалар немесе мүгедектікті растайтын құжаттар.

Өтініштер екі мекенжайда қабылданады:

Кривенко көшесі, 27, №4 терезе – сағат 8:00 – 17:00 аралығында. Түскі үзіліс – 12:00–13:00.

Қамзин көшесі, 149 – сағат 9:00 – 12:00 және 14:00 – 16:00 аралығында, демалыс және мереке күндерінен басқа уақытта.