Жұма күні Павлодар облысында күн ыстық болады
Жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше,5 мамыр күні аздаған бұлт шығады. Онтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 5-10 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 22-24 градус көрсетеді.
Ауқымды антициклон әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Алайда Оңтүстік циклон және оған байланысты фронттардың жүріп өтуімен елдің оңтүстік-батысында жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды.
Кей уақытта қатты жаңбыр жауады, еліміздің оңтүстік-шығысы пен шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Республика бойынша жел күшейеді, шаңды дауыл соғады, оңтүстік-батыста тұман түседі.