Құтқарушылар павлодарлық мектеп оқушыларын қысқа әзірлеуде

Құтқарушылар павлодарлық мектеп оқушыларын қысқа әзірлеуде

Онымен шектелмей, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлері теракт кезінде не істеу керектігін де пысықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Интерактивті қауіпсіздік сабағы облыстық білім беру басқармасы жанындағы ақпараттық технологиялар орталығының негізінде онлайн режимде өтті.

- Сабаққа облысымыздың барлық қалалары мен аудандарынан 1500-ге жуық оқушы қатысуда, - дейді басқарманың бас маманы Жанар Сматаева. – Сынып сағаттары орта және үлкен класс оқушылары арасында өткізілуде. Екінші ауысымда оқитындарға арнап Youtube-көрсетіліп ұйымдастырудамыз, оның бейнетаспасын кейін көруге болады. ТЖД-мен екіжақты меморандум аясында биыл 13 осындай сабақ өткізілді.

Балаларға күзгі-қысқы кезеңде су қоймаларында жүріс-тұрыс, көктайғақ кезінде қауіпсіздік ережелері мен террорлық актілер қаупі уақытындағы іс-қимыл негіздері үйретілді. 

Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері Темірлан Жапалбай атап өткендей, мұз болып қатқан су қоймасына шығар алдында мұздың түсіне назар аударған жөн: ең қалың мұздың түсі көк немесе жасыл болса, ең сынғышы – сұр немесе сары болып келеді. 

- Егер мұздың астына түсіп кетсеңіз – байбалам салмаңыз: мұздың жиектеріне қолдарыңызды созып, дене ауданын неғұрлым арттыруға тырысыңыз. Жалпы қыста су қоймаларына барған кезде үнемі өткір затты алып шығуды әдетке айналдырыңыз. Шеге қадап та өзін мұздың астынан шығарып алуға болады. Егер мұздың астына түскен адамды көрсеңіз, бірден көмек бара жатқанын білдіріңіз: осылайша, зардап шеккен адамның сенімділігін арттырасыз. Содан соң ақырын еңбектеп барып, түсіп кеткен адамға жіп, белдік немесе шарф тастауға тырысыңыз, - деді Темірлан Жапалбай. 

Көктайғақ кезінде де асықпай, ақырын жүру керек. Аяқты нық басып, баспалдақтан төмен түскенде одан көлденеңнен басып түсу керек. Құлап бара жатқан кезде денені барынша жиыруға тырысыңыз.

Балаларды жарылғыш заттарды анықтауды да үйретті. Төтенше жағдайларды жою басқармасының аға инженері Қымбат Жолдасованың айтуынша, бомба жанында сымдар, жіптер, скотч немесе изолента болуы мүмкін. Одан бөлек, жарылғыш зат ерекше дыбыстар: сағат жүрісі немесе біртүрлі иістер шығарып тұруы мүмкін.

Фото: автор