«Ертіс орманында» сілеусін борсықтың ініне қонаққа барған сәті камераға түсті

Мысықтар тұқымдасына жататын жыртқыш аң апанның түбін мұқият бақылаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Табиғи резерваттың әлеуметтік желідегі парақшасында жабайы табиғаттан сирек кездесетін сәті жарияланды.
– Орманда биоалуандылықты бақылау барысында фототұзақ азиялық борсықтың іні маңында жүрген сілеусінді түсіріп алған. Мұндай сирек кездесетін кадрлар түр аралық байланыстардың күрделілігін көрсетіп, жабайы табиғаттың кеңістіктік ұйымдасуын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді, – деді «Ертіс орманында».
Орманшылардың сөзінше, әрбір осындай сәт – орман тынысының бірегей куәсі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram