Павлодар ауылында жер учаскесінің битуммен ластанғаны анықталды

Павлодар ауылында жер учаскесінің битуммен ластанғаны анықталды

Мұндай  өнімдерін – битумды орналастырудың болжамды ауданы шамамен 70 шаршы метрді құрайды, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде жергілікті тұрғындар дабыл қағып, экологиялық апаттың алыс емес екенін, ауылда  битум, сынап, құрылыс қалдықтары шашылып жатқанын жазған болатын. 

10 мамыр күні Павлодар облысы бойынша экология департаментінің атына Павлодар ауылының тұрғындарынан жер учаскесінің құрылыс қалдықтарымен, оның ішінде мұнай өнімдерімен ластанғанына қатысты өтініш түскен. Мемлекеттік экологиялық бақылау инспекторлары және зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің мамандары жергілікті атқарушы органның өкілдерімен бірлесіп, сол күні жедел Павлодар ауылына Шаукен көшесі бойындағы мұсылман зиратының жанындағы жер учаскесіне барған. 

– Жер учаскесін тексеру барысында өтініш берушілердің өтінішінде көрсетілген дәлелдер расталды. Атап айтқанда, жер учаскесінің мұнай өнімдері – битуммен ластану фактісі анықталды.  Бірқатар мән-жайларды анықтау және осы факті бойынша кінәлі адамдарды анықтау үшін ауылдың жергілікті полиция қызметіне жүгінуге бастамашылық жасадық. Жоғарыда аталған құрылыс қалдықтарының иесі «Павлодар жолдары» ЖШС болып табылады, – деді департаментте. 

Сонымен қатар, Павлодар ауылы әкімінің ұсынған түсіндірмесіне сәйкес «Павлодар жолдары» ЖШС-де құрылыс материалдарын қиыршықтас және битум қоспалары бар топырақ түрінде жинауға рұқсат берілмегенін белгілі болды. 10 және 11 мамыр күндері кәсіпорын жер учаскесінің ластануын жою бойынша жұмыс жүргізген. 

Департамент аталған факті бойынша қалдықтармен жұмыс істеу бөлігінде жоспардан тыс тексеру тағайындауға бастамашылық  жасаған. 

Естеріңізге сала кетейік, Павлодар ауылында қалдықтарды тастау фактісі бойынша іс қозғалған болатын. Ауыл тұрғындары мен Павлодар ауылы әкімдігінің өкілдері, Павлодар облысы экология департаменті, табиғат қорғау полициясы, жергілікті полиция қызметі  ауыл аумағында орналасқан кәсіпорынның жүк машиналарымен қоқыс үйіндісіне  қауіпті қалдықтар  – люминесцентті шамдар шығарылған орынға барған. 

Ал 27 сәуір күні Павлодар ауылының әкімдігі ауылдың рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісінен табылған шамдарды жинауды ұйымдастырған.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Pavlodar_auyly_akimdigi (@akimat_selo_pavlodarskoe)