Павлодарлық велоспортшы Ташкенттегі жарыста қос жүлдеге қол жеткізді

Павлодарлық велоспортшы Ташкенттегі жарыста қос жүлдеге қол жеткізді

Өзбекстанда Le Tour Oqtosh-Chorvoq-Mountain веложарысы аяқталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«OQTOSH-CHORVOQ MOUNTAIN» халықаралық көпкүндік жарысы алғаш рет Ташкент облысының Бостонлық ауданында Халықаралық велосипедшілер одағының күнтізбелік жоспары бойынша басталды.

Онда Павлодар облысының спортшысы Рината Сұлтанова жеке жарыста 2-орынды және топтық жарыста 3-орынды иеленді, – деп мәлімдеді облыстық жоғарғы спорттық шеберлік мектебінде.

Бұл турнирде Греция, Әзірбайжан, Филиппин, Қазақстан, Иран, Тәжікстан, Ресей, Түркия, Кувейт және Болгария, Өзбекстаннан келген 120 велосипедші сынға түсті. 

Аталған көп күндік халықаралық веложарыс 2024 жылы Парижде (Франция) өтетін XXXIII жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарында маңызды рейтингтік ұпайларды алуға ықпал етеді.

Фото: ашық дереккөздерден