Қазақстанда дәрілік заттарды таңбалау қалай жұмыс істейді?

Бүгінде Қазақстанда 2024 жылғы 1 шілдеден кейін өндірілген барлық дәрілік заттар міндетті таңбалауға жатады, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Жаңа қадағалау тетігі дәрінің зауыттан бастап дәріханада сатылуына дейінгі бүкіл жолын қамтиды.
- 2024 жылғы 1 шілдеден кейін өндірілген барлық дәрілік заттарда бірегей Data Matrix коды болуы тиіс. Енді әрбір сатып алушы «Naqty Onim» қосымшасы арқылы осы бірегей кодты бірнеше секундта сканерлеп, дәрінің түпнұсқалығы мен заңдылығына көз жеткізе алады. Таңбалау дәрі-дәрмек туралы толық ақпаратты қамтиды: атауы, саны, дозасы, өндірушісі және қозғалыс жолы, - деп мәлім етті ведомствода.
Цифрлық таңбалау дәрілік заттар айналымының ашықтығын қамтамасыз етіп, жалған өнімдермен күресуге және азаматтардың денсаулығына төнетін қауіптерді азайтуға ықпал етеді.
Өндірушілер, импорттаушылар, дистрибьюторлар, дәріханалар мен медициналық ұйымдар – дәрілік заттар айналымына қатысушылардың барлығы Тanba тауарларды таңбалау мен қадағалау жөніндегі бірыңғай оператор жүйесінде тіркелуі тиіс.
Тіркелгеннен кейін оларға жеке кабинет ашылады, онда таңбалау кодтарымен жұмыс жүргізіліп, препаратардыңбарлық кезеңдегі қозғалысы көрсетіледі.
Дәрілік заттарды айналымға енгізбестен бұрын өндіруші Бірыңғай оператордан бірегей Data Matrix кодтарын тапсырыспен алып, оларды қаптамаға жапсырады. Осылайша дәрілер туралы ақпарат таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесіне түседі.
- Дәрілік заттардың айналымындағы екінші буыны – импорттаушылар мен дистрибьюторлар болып табылады. Бұл кезеңде айналымның қатысушылары алдын ала таңбаланған препараттарды алады. Егер код оқылмаса немесе жүйеде тіркелмесе, мұндай препаратты сатуға немесе пайдалануға рұқсат етілмейді, - деп қосты министрлігінде.
Қазақстанда дәрілік заттарды таңбалау тізбегінің соңғы кезеңінде дәріханалар мен медициналық ұйымдар тұр.
Препараттарды соңғы тұтынушыға – сатып алушыға немесе пациентке дәл осы жерде беріледі. Әрбір кезең Бірыңғай оператор жүйесінде есептілікпен бірге жүреді.