Үйге басып кірген: Екібастұз тұрғыны ұрыларды анықтаған полицияға алғыс білдірді

Олар ірі көлемдегі мүлікті ұрлап кеткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің атына Екібастұз қаласының тұрғыны Александр Николаевич Жеребцовтан Алғыс хат келіп түсті. Ер адам хаттың мазмұнында ІІМ КПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Төлеухановқа, Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Склярға, бастықтың бірінші орынбасары Болат Нұрсейітовке, басқа да полиция қызметкерлеріне өзінің және жұбайының өміріне қатысты қылмысты ашуға қатысқаны үшін ризашылығын білдірген.
– Осы жылдың 30 қаңтарында белгісіз адамдар алдын ала сөз байласу арқылы топпен әрекет етіп, үйіме заңсыз кірген. Зорлық-зомбылық көрсетіп, бізге шабуыл жасап, ірі көлемдегі мүлікті ұрлап кетті. Бізге шабуыл жасаған адамдар анықталды және заң бойынша жауап береді деп үміттенемін. Аталған резонанстық қылмысты ашу үшін жұмыс істеген полиция қызметкерлерінің адалдығын ерекше атап өткім келеді! – деп жазған ардагер.
Облыстық полиция ведомствосының басшылығы Екібастұз қаласының тұрғынына оң баға бергені үшін ризашылығын білдіреді және полицейлер кез келген сын-тегеуріндерге қарсы тұруға әрі азаматтардың құқықтық тәртібі мен тыныштығы үшін күресті лайықты жалғастыруға дайын екендігін атап өтті.