Павлодарлық жағалауды ретке келтірмеген мекеме айыппұл арқалады
Бүгінде бұзушылықтар жойылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының офицері Темірлан Жапалбай мәлім етті.
– «Коммунсервис» коммуналдық мемлекеттік мекемесі орталық жағалау мен Усолка шағын ауданындағы жағалауда қауіпсіздік пен абаттандыруына жауапты. Жоспардан тыс тексеріс барысында қосымша қалтқымалардың орнатылмағаны, қоғамдық құтқарушылардың кеудешелері болмағаны анықталды. Яғни, су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін ұйымдастыру бойынша бұзушылықтар болды. Бүгінде олар жойылуда, – деді Темірлан Жапалбай.
Мекемеге ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жеті АЕК көлемінде айыппұл салынды.