1 маусым күні Павлодар облысында аптап ыстық күтіледі

1 маусым күні Павлодар облысында аптап ыстық күтіледі
Фото: Константин Шелков

Күн райы ашық болады, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, жауын-шашын күтілмейді. 

Шығыстан соққан жел 5-10 м/с құрайды.

Түнде +10...+15, күндіз +27...+32 градус ыстық болады.

Павлодар қаласында ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. 

Түнде  +10...+12, күндіз +29...+31 градус ыстық болады.