Павлодар облысында республикалық маңызы бар жол жабылды

Павлодар облысында республикалық маңызы бар жол жабылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ауа райы күрт нашарлап кетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық «109» ақпараттық-анықтамалық қызметінің мәлімдеуінше, бүгін сағат 21:00-ден бастап Қарағанды облысындағы ауа райының нашарлауына байланысты (қатты аяз -35-ке дейін) «Қызылорда-Павлодар» Республикалық маңызы бар автожол учаскесінде (1135-1206 километр) қоғамдық және дизельді автокөліктерге арналған Шідерті кентінен Қарағанды облысына дейін қозғалыс шектелген.