17 қарашада Павлодар облысында жаңбыр жауады

17 қарашада Павлодар облысында жаңбыр жауады
Фото: Константин Шелков

Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрді құрайды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің ақпараты бойынша, облыста температура түнде +1...+6 көрсетеді, облыстың солтүстігінде жаңбыр жауады. 

Күндіз +5...+ 10°C болса, батыста, шығыста, облыстың орталығында жаңбыр жауады.

Павлодарда сынап бағанасы түнде +2...+ 4, күндіз + 7...+ 9°C көрсетеді. Айнымалы бұлтты ауа райы күтіледі, жаңбыр жауады.