Павлодарда оннан астам шағын саябақты абаттандыру көзделуде

Жұмыстар мамыр айында басталмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы қала әкімі Хасар Хабылбеков өзінің Instagram-парақшасында мәлімдеді.
– 2021 жылдан бастап Павлодар қаласында тұрғындардың жайлылығы үшін тұрғын үйлерге жақын орналасқан, қолжетімді демалыс орындарын абаттандыру жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта қаланың түрлі шағын аудандарында 21 шағын саябақ жабдықталды. Бұл демалыс орындары павлодарлықтар тарапынан оң бағаланды. Тұрғындарға үйлеріне жақын жерде жайлы демалу мүмкіндігін беруде. Биыл облыс әкімінің қолдауымен бұл жұмысты жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Қаладағы әртүрлі шағын аудандарда, оның ішінде екінші Павлодар, МДС, Достық, Химқалашық шағын аудандарында 17 шағын саябақты абаттандыру көзделуде, – деп жазды шаһар басшысы әлеуметтік желіде.
Әр шағын ауданда әкімдік өкілдері мен белсенді тұрғындар бар. Барлық абаттандыру жұмыстары олармен келісіліп жүргізіледі.
Қала әкімінің айтуынша, жұмыстарды мамыр айында бастап, шілде айында аяқтау жоспарлануда.
Посмотреть эту публикацию в Instagram