26 қарашада Павлодар облысында күн жылынады
Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетіп, күндіз екпіні 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының болжамы бойынша, облыста түнде ауа температурасы -1...-6 градус аралығында болады. Батыста, оңтүстікте және шығыста тұман түсуі ықтимал.
Күндіз +5...+10 градусқа дейін жылы болады. Батыс, солтүстік және оңтүстік аудандарда жаңбыр жауады.
Павлодарда түнде ауа температурасы -1...-3 градус болады. Аспан құбылмалы, жауын-шашынсыз. Күндіз +5...+7 градусқа дейін жылынады. Жауын-шашын күтілмейді.
