17 наурызда Павлодар облысында тұман мен бұрқасын күтіледі

17 наурызда Павлодар облысында тұман мен бұрқасын күтіледі

Желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы -5…-10°C болады, ал облыстың шығысында -13°C дейін төмендейді. Жауын-шашын күтілмейді. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында тұман түседі.

Күндіз ауа температурасы -3…+2°C шамасында. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында қар, бұрқасын және көктайғақ болуы мүмкін.

Павлодар қаласында түнде -7…-9°C. Күндіз -1…+1°C. Күн бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман күтіледі.