Ақтоғайда жаңа тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын

Ақтоғайда жаңа тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кезекте 150 адам тұр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожинов Ақтоғай ауданына жұмыс сапарымен барды.

Ол сапар аясында Әуелбек ауылындағы Ыдырысов атындағы орта мектептің күрделі жөндеу барысын қарады. 

– Тапсырыс берушіге және мердігерге құрылыс жұмыстарының мерзімдері мен сапасын сақтау бөлігінде ескертулер айттым. Сондай-ақ тапсырыс берушіге жобаны іске асыру барысында бақылауды күшейтуді, ал мердігер ұйымға ресурстарды жұмылдыру және ағымдағы жылдың 15 тамызына дейін жөндеуді аяқтау тапсырдым, – деді Серік Батырғожинов.

Сонымен қатар ол Ақтоғай ауылында 24 пәтерлі тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. Бүгінгі таңда нысанның дайындығы 95% құрайды. Салынып жатқан 24 пәтерлі жаңа үй үш кіреберіс және екі қабатты болады. Әрбір пәтердегі төбенің биіктігі аспалы төбелерді ескере отырып, 2,5 метрге жетеді. Үй екібастұзда өндірілген кірпішпен қапталған, қабырғалары пеноплекспен оқшауланған. Құрылысшылар келесі жылы үйге кірер жолды төсеп, үйдің айналасына кеспетас төсеуге уәде берді.

Серік Батырғожинов сапар соңында күзгі-қысқы кезеңге дайындық мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді. Ол Ақтоғай ауданының әкіміне жылу жүйелерін ретке келтіру және жылу энергиясына жұмсалатын шығындарды оңтайландыру бойынша тапсырма берді.