5 тамызда Павлодар облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады

5 тамызда Павлодар облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында 15-20 метрге дейін күшейеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы +15...+20°C болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың батысы мен солтүстігінде нөсер жаңбыр, бұршақ және дауылды жел күтіледі.

Күндіз ауа температурасы +25...+30°C, ал облыстың батысы мен солтүстігінде +22°C шамасында болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұл өңірлерде нөсер жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болжанып отыр.

Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +18...+20°C. Аспан құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады.

Күндіз +28...+30°C. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ түсіп, дауылды жел соғуы мүмкін.