Павлодарлық саяжайда монша өртенді
Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 қазанда сағат 16:38-де Хвойная көшесі бойында орналасқан саяжайлардың бірінің аумағындағы моншаның жануы туралы хабарлама келіп түсті.
– Жану аумағы 54 шаршы метрді құрады.Моншаның ағаш конструкцияларының жану кезінде жылу бөлінуінің жоғары жылдамдығы мен өрттің қарқынды дамуына қарамастан, өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, – деді департаментте.
Өрт орнында жеке құрамның 19 адамы, 5 техникасы, апаттар медицина орталығы жұмыс жасады. Өрт 17:21-де толықтай сөндірілді. Өрттің себебі мен зақымдануы анықталуда.
Департаментте ағаш және басқа да жанғыш заттар пештің және мұржалардың ыстық бөліктерінен жеткілікті қашықтықта болуы қажет екенін еске салады.