Ақсуда әлеуметтік осал топтарынан шыққан оқушылар саяхатқа аттанды

Ақсуда әлеуметтік осал топтарынан шыққан оқушылар саяхатқа аттанды
Фото: Константин Шелков

Аталмыш іс-шара «Мереке» акциясы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ақсу қаласы Аналар кеңесінің төрағасының басқаруымен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан оқушыларға Павлодар қаласына көшпелі экскурсия ұйымдастырылды.

Дәстүрлі достық трамвай бағдарламасы балаларға ұнады. Сапарда балаларды өлкетану мұражайының экскурсоводы қаланың көрікті жерлері туралы ақпаратпен бөлісті. Балалар Достық үйінің үшін аралап, Қанат Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінде болып қайтты. Сондай-ақ, Ақсу қаласының жас тұрғындары «Ертіс» мұражайы мен Г. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды.

Балалар үшін қызықты шараға қолдау берген «Джафар Джафарұлы Махмұдов атындағы Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ басшылығына «Қоғамдық келісім» КММ шын жүректен алғысын айтты.