Павлодарда трамвайларда жол ақысын төлемегендерге айыппұл салынуда

Павлодарда трамвайларда жол ақысын төлемегендерге айыппұл салынуда

Қалалық трамвай басқармасы полиция департаментімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

Трамвай басқармасының мәліметінше, соңғы уақытта трамвайларда жол жүру үшін қаражатты төлемеу фактілері жиілеп кеткен. 

–  Мониторинг барысында жол ақысын төлемеген жолаушылар анықталды. Бірден хаттама толтырылды. Қоғамдық көлікте жол ақысын төлеуден жалтарғаны үшін қала тұрғындарына 2 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, –  деді басқармада. 

Айта кетейік, мұндай рейдтер тәртіп сақшыларымен апта сайын өткізілетін болады.

Фото: Константин Шелков