Ақтөбе облысында екі басты бұзау туды
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданына қарасты Нұра ауылында екі басты бұзау туды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңа туған ерекше бұзаудың видеосын ақтөбелік журналист Нұрболат Туысбайұлы Facebook әлеуметтік желісінде жариялады.
"Балалық шағым өткен ауылда екі басты бұзау дүниеге келіпті. Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Нұра совхозы. Класстастарымның чатынан ұққаным, ауыл халқында үрей бар сияқты. Экологияның белгісі ме екен?" - деп жазыпты ол.
Мал иесі бұзау басын көтере алмағандықтан, бауыздап тастаған.
Бұл бейнежазба желіде қызу талқыланып жатыр:
Масқара, Семейде сондай жағдай болғанын білетін едік. Мынау тіпті сұмдық қой!
Қорқатын ештеңесі жоқ. Ондайлар болып тұрады ғой. Ешқандай да Алланың құдіреті емес.
Көзбен көргендер қорқынышты көрінеді екен деп жатыр.
Пікір білдірген желі қолданушыларының бірі Батыс Қазақстанда мұндай жағдайды бірнеше рет естіп, көргенін жазыпты.