14 наурызда Павлодар облысында жел күтіледі

14 наурызда Павлодар облысында жел күтіледі

Жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК облыстық филиалының мәліметінше, аздаған бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. 

Оңтүстік-шығыстан  жел соғады, күші 5-10 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде 7-9 градус аяз, күндіз 2-4  градус жылы болады.

14 наурызда және түнде 15 наурызда метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың сейілуіне ықпал етеді. 

 Жалпы қала бойынша ауаның ластану деңгейі төмен болады деп күтілуде.

Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр және қар жауады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, көктайғақ, солтүстік-батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, оңтүстік-батысында, батысында шаңды дауыл болжанды.