Алты жасар жүзуші Павлодар чемпионы атанды
Ата-анасы оны үш жыл бұрын бассейнге алып келген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодарлық Тамила Матиева үш жарым жасында Ресей чемпионы және Омбы облысының жүлдегері Анастасия Семеновадан жүзуді үйрене бастаған.
– Біз қызымыздың қандай да бір спорттық жетістіктері туралы ойлаған жоқпыз, оның жақсы физикалық дамуына қуандық. Биыл Тамила екінші сыныпқа көшті, – дейді ата-анасы Ольга мен Умлат.
Кейін Тамила «Ертіс» бассейні клубтық жарыстарының бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері атанды. Алғашқы қалалық жарыстарда алтын медаль жеңіп алса, биыл тағы да жеңіс тұғырынан көрінді.