Павлодарда ең таза аула үшін бәйге жарияланды

Павлодарда ең таза аула үшін бәйге жарияланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жеңімпаздарды алты критерий бойынша анықтайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында және қала аумағын абаттандыру бойынша экологиялық айлық аясында Павлодарда «Таза аула» байқауы басталады. Іс-шараның мақсаты – тұрғын үй алаптарының тазалығына жауапкершілікпен қарауды ынталандыру және қала ортасының жағдайын жақсарту.

Байқауға тұрғын үй иелері ұйымдары (меншік иелері бірлестігі, пәтер иелері кооперативі, кондоминиумдар), қаланың көпқабатты тұрғын үйлерінің тұрғындары қатыса алады. Жеке және ұжымдық өтінімдер қабылданады.

– Байқау комиссиясы абаттандыруды бірнеше критерийлер (максимум 100 ұпай) бойынша бағалайды. Тұрғын үй ауласының және балалар (спорттық) алаңдарының тазалығы – 20 ұпай. Аулалар мен кіреберістердің жарықтандырылуы, рұқсатсыз хабарландырулардың болмауы – 10 ұпай. Кіреберіс нөмірлері мен пәтер иелері кондоминиумының байланыс деректерін көрсететін ақпараттық тақталардың болуы – 10 ұпай. Абаттандырылған гүлбақтар мен гүлзарлар – 10 ұпай. Кіші архитектуралық пішіндер мен кіреберістердің сырлануы – 10 ұпай. Жиынтық төлемдер есебінен жалпы мүліктің жөнделуі – 20 ұпай. Қосымша 5 ұпай тұрғындар тарапынан жасалған ерекше абаттандыру элементтері үшін беріледі, – деді қалалық ішкі саясат бөлімінің баспасөз қызметі.

Өтінімдер 25 сәуірге дейін Pavlodar701@mail.ru мекенжайы бойынша «Таза аула» белгісімен қабылданады.

Түсіндірмелік хатта ұйымның атауы (бар болса), үй мекенжайы, жауапты тұлғаның аты-жөні, байланыс деректері, растайтын құжаттар көрсетілуі тиіс.

26 сәуір күні жергілікті атқарушы органдар, депутаттар, Қоғамдық кеңес және ардагерлер кеңесінің өкілдерінен құралған комиссия қатысушылардың аулаларын аралап, жеңімпаздарды анықтайды. 

Нәтижелер хаттамамен ресімделеді.