Павлодар облысында қаңтардың соңғы аптасында боран болады
Түндегі максималды ауа температурасы -25°С-қа дейін төмендейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 28 қаңтарда облыстың батысында, солтүстігінде қар жауып, боран соғады. Облыстың оңтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Сынап бағанасы түнде -15...-20°С, облыстың шығысында -23°С, ал күндіз -11...-16°С-ты көрсетеді.
29 қаңтарда да облыстың көп қар жауып, боран соғады. Ауа температурасы түнде -10...-15°С, облыстың шығысында -18°С, ал күндіз -8...-13°С болады.
30 қаңтарда да қар жауады. Сынап бағанасы түнде -7...-12°С, ал күндіз -5...-10°С көрсетеді. Желдің жылдамдығы солтүстік-батыс бағытында секундына 9-14 метрге дейін жетеді.
31 қаңтарда күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында қар жауып, боран күтіледі. Ауа температурасы түнде -17...-22°С, облыстың оңтүстігінде -14°С, ал күндіз -13...-18°С-қа дейін төмендейді.
1 ақпанда күндіз жауын-шашын түседі. Сынап бағанасы түнде -20...-25°С, ал күндіз -13...-18°С, облыстың батысында -9°С көрсетеді.
2 ақпанда да қар жауады. Ауа температурасы түнде де, күндіз де -5...-10°С болмақ.