Павлодарда жас зерттеушілер өз жұмыстарын қорғады
Байқауға 200-ден астам оқушы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық білім бөлімінің мәлімдеуінше, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының қалалық кезеңі өтті.
– Бұл байқаудың мақсаты - дарынды жас зерттеушілерді қолдау, интеллектуалдық әлеуетінің қалыптасуына ықпал ету. Байқауға қаланың 36 орта мектебінен 226 оқушы қатысты. Қазақстан Республикасы Білім министрлігі бекіткен 4 бағыт бойынша 14 пен 16 жас аралығындағы жас зерттеушілер өз жұмыстарын қорғады, - делінген хабарламада.
Жас зерттеушілер «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде «Физика», «Технология», «Жер және ғарыш туралы ғылым» бөлімдерінде, «Математика», «Қолданбалы математика», «Экономика», «Информатика» бөлімдерінде, «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу», «Биология», «Химия», «Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау» бөлімдерінде, «Тарих», «Өлкетану», «Этномәдениеттану», «Әдебиет», «Тіл білімі», «Адам және қоғам» бөлімдерінде «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар» бойынша өз жобаларын ұсынды.
Қатысушылар арасынан 151 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды. Оның ішінде 24 оқушы бірінші, 58 бала екінші және 69 жас зерттеуші үшінші орынға лайық деп танылды.
- Оқушылардың орындау нәтижелері бойынша “Ең үздік қалалық команда” номинациясы бойынша Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебі 1-орынға, №35 және Ж.Тәшенев атындағы мектептер 2-орынға және № 2, 7, 21 мектептері 3-орынға ие болды.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен ІІ орынға ие болған қатысушылар ағымдағы жылдың қазан айының соңында өтетін облыстық іріктеу кезеңіне қатысуға жолдама алды.