Арман Шаққалиев Павлодарда балық өнімдерін көбірек сатуды ұсынды
Павлодарға жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев келді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Сауда министрлігінің өкілі алдымен «Jailau» фермерлер базарына барды.
– Сенбі күні мұнда тіршілік қызып тұрады, – деді облыс әкімінің орынбасары Серік Батырғожинов. – Павлодарлықтар ауыл шаруашылығы өнімдерін, көкөністерді сатып ала алады. Халық сенбі күндері базарға баруды әдетке айналдырған.
Бірінші вице-министр базар аумағын кеңейтуді және Павлодар қаласы Ертіс өзенінің жағасында орналасқандықтан, балық өнімдерін көбірек сатуды ұсынды.
«Молком-Павлодар» ЖШС сапары барысында Арман Шаққалиевке кәсіпорындағы негізгі мәселелер туралы айтылды. Кәсіпорын директоры Виталий Михайловтың айтуынша, сүттің шамадан тыс көп болуы және май сатудағы үзілістер алаңдаушылық тудыруда.
– Егер бұрын барлық майды жергілікті және қазақстандық нарықтарда сататын болсақ, қазір бізді Иран және Беларусь елдерінен әкелінетін арзанырақ өнімдер ығыстырып жатыр. Бұл жағдай бізге майды Ресейге апаруға мәжбүр етуде. Онда біз 50 тонна саттық, – деді Виталий Михайлов.
Қазір кәсіпорында сүт өндірісін қысқарту мәселесі қарастырылуда. Бұл ретте бірінші вице-министр құрғақ өнім сату жолын қарастыруды ұсынды.
– Президент экономиканың буферлік мүмкіндіктері туралы да айтты. Біз нарық жағдайына икемді әрі баға саясаты туралы есте сақтауымыз керек. Сүт өндірісінде Ресейде, Украинада, Беларуссияда бәсекелестеріміз бар, – деп атап өтті бірінші вице-минстр.
Сонымен қатар министрлік өкілі «Кэмми Group» ЖШС-дегі макарон өндірісімен танысты. Келесі жылы кәсіпорын қазақстандық нарықта он жылдықты атап өтеді.
Соңында бірінші вице-министр Greenwich гипермаркеті мен Batyr Mall сауда-ойын-сауық орталығын қарап шығып, гипермаркетте Павлодар компаниясының Қазақстан мен шекаралас елдердің сыртқы нарығына шығу үшін барлық мүмкіндіктері бар екенін атап өтті.
– Біз үлкен сауда алаңына айналуымыз керек. Ол үшін тауар айналымын арттыру керек, – деді бірінші вице-министр.
Оның айтуынша, Қазақстанда сауда нүктелерінің санын кеңейту және ұлғайту – бейінді министрліктің басым міндеттерінің бірі.