Павлодар алюминийі көбінесе Әзербайжанда сұранысқа ие

Павлодар алюминийі көбінесе Әзербайжанда сұранысқа ие
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қазақстандағы алюминийдің жалғыз отандық өндірушісі «Қазақстандық электролиз зауыты» АҚ болып табылады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, 2024 жылдың төрт айында алюминий экспортының көлемі заттай көріністе 4,7 есе – (16-дан 75,4 мың тоннаға дейін) ұлғайған. 

Өнімге сұраныс Әзербайжан тарапынан сегіз есе (5,5-тен 43,1 мың тоннаға дейін), Өзбекстан тарапынан 10,5 есе (0,2-ден 2,1 мың тоннаға дейін) өскен. Сондай-ақ Беларусь, Болгария, Италия, Польша  елдеріне жеткізіледі. 

Айта кетерлігі, «Қазақстандық электролиз зауыты» АҚ отандық металлургияның флагманы болып есептеледі және дүниежүзіндегі осындай 200 алюминий алпауыты арасындағы үздік ондыққа кіреді.