29 тамызда Павлодар облысында күн ашық болады

29 тамызда Павлодар облысында күн ашық болады
Фото: Константин Шелков

Жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, оңтүстіктен соққан желдің жылдамдығы  секундына 7-12 метрді құрайды.

Түнде ауа температурасы +8...+13, күндіз +21...+26  градус ыстық болады. 

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Оңтүстіктен соққан желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +9...+11, күндіз +24...+26 градус ыстық болады.