Павлодарлықтар әлеуметтік көмекке қалай қол жеткізе алады
Аймақта атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға құжаттарды қабылдау басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәлімдеуінше, құжаттарды қабылдау 1 қазаннан басталған.
- Облыс бойынша кедейлік шегінің мөлшері 4 тоқсанда 35855 теңгені құрайды. АӘК алуға үміткер адамдар (отбасылар) тұрғылықты жері бойынша карьерлік орталықтарға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгіне алады. Сондай-ақ баламалы негізде ЭЦҚ болған кезде үйден шықпай-ақ "Электрондық үкімет порталы" (ЭҮП) арқылы өтінім бере алады. Интернетке қолжетімділігі жоқ адамдар үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, мансап орталықтардың, облыстың қалалары мен аудандарының ауылдық округтерінің әкімдіктерінің жанынан өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылды, - делінген хабарламада.
Айта кетелік, өтініш берген кезде сәйкестендіру үшін тек жеке куәлікті ұсыну қажет.