Ақсу музейінде балалар ертегілер әлеміне саяхат жасады

Ақсу музейінде балалар ертегілер әлеміне саяхат жасады
ЖИ иллюстрациясы

Ақсу қаласындағы тарихи-өлкетану музейінде «Балалардың сүйікті ертегілері» атты танымдық іс-шара өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Кездесуге №7 мектептің жазғы лагерь тәрбиеленушілері қатысты. Балалар үшін ертегілер әлеміне қызықты саяхат ұйымдастырылды. Олар үлкен экраннан мультфильмдер көріп, сүйікті кейіпкерлерін еске түсірді, сұрақтарға жауап беріп, интерактивті ойындарға қатысты.

Музей қызметкерлері танымал балалар шығармаларының желісі бойынша арнайы бағдарлама әзірледі. Бұл оқушыларға уақыттарын қызықты өткізіп қана қоймай, білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берді.

Іс-шара соңында белсенді қатысушыларға тәтті сыйлықтар табысталды.

Ұйымдастырушылар ертегілердің балалардың дамуына маңызды әсер ететінін атап өтті. Олар жақсылық, достық пен адалдық туралы түсінік қалыптастырып, қиял-елесті дамытуға көмектеседі.

Кездесу оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жазғы демалыс күнін ерекше әсерге бөледі.

Еске сала кетейік, Ақсу қаласындағы тарихи-өлкетану музейіне биыл – 25 жыл. Бүгінгі таңда музей 4 000-нан астам құнды жәдігер сақтаулы тұр.