Павлодар облысы ең ауқатты аймақтардың қатарында
Сарапшылар әр азаматтың табысын есептеп шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
2022 жылдың шілде-қыркүйек айларымен салыстырғанда 2023 жылы қазақстандықтар 20 пайызға артық табыс тапқан. Бұл жайлы ақпаратпен Finprom.kz сарапшылары бөлісті.
Республика бойынша Қазақстанның 20 облысының тоғызында орташадан жоғары табыс – 298 мың теңге тіркелді. Ең жоғары көрсеткіш Астанада: бір адамға орта есеппен 430 мың теңге.
Алматыда 392 мың теңге және Қарағанды облысы 379 мың теңге көрсеткішпен екінші орынды иеленді. Павлодар облысы бір адамға 324 мың адамнан келетін тізімдегі өңірлер арасында алтыншы орынға шықты.
Сарапшылар оңтүстік өңірлердегі тұрғындардың табысы ең төмен екенін атап өтті. Табыс мөлшері Түркістан облысында 212 мың теңгеден аспайды.
Finprom.kz мәліметінше, әлеуметтік аударымдар – зейнетақы, жәрдемақы, тұрғын үй көмегі ғана емес, туыстары мен жақындары тарапынан берілетін материалдық көмектер де өскен.