Ақсу зауытындағы ірі өрт сөндірілді

Ақсу зауытындағы ірі өрт сөндірілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өрт сөндірушілердің батыл әрекеттерінің нәтижесінде апатқа жол берілмеді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сөндірушілер 2 трансформатор, жабдықтар мен сорғы майын, шамамен 50 шаршы метр алаңды, № 15 белгідегі трансформатор шахталарындағы электр сымдарының жануын сөндірді. 

- Өрттің жалпы ауданы 200 шаршы метрді құрады. Жоғары температураның әсерінен төбенің жабыны құлады. Қатты жалын, сорғы майының жануы және температураның жоғары болуы өрт сөндірушілердің жұмысын қиындатып, олардың өміріне қауіп төндірді. Өрт сөндіру кезінде өрт сөндіруші қолын жарақаттап, ауруханаға жатқызылды, - деді департаментте.

Оқиға орнында ТЖД 53 қызметкері мен 13 техникасы, сондай-ақ 102 және 103 қызметкерлері жұмыс істеді, штаб құрылды.  Өрт сөндірушілер өздерінің кәсіби дағдылары мен тәжірибелерін қолдана отырып, үйлесімді және тиімді жұмыс жасады. Өрт сөндірушілердің батылдығы мен күш-жігерінің арқасында өрт сағат 20:52-де оқшауланып, сағат 22:40-та толығымен сөндірілді.

Павлодар облысының ТЖ департаменті өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылығына, сондай-ақ облыс қонақтары мен тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға кеңес береді.

Еске сала кетейік, 21 маусымда сағат 15.54-те 112 пультіне Ақсу ферроқорытпа зауытының № 4  балқыту цехында трансформатордың жанып жатқаны туралы хабарлама  түсті.

Өрт сөндірушілер  оқиға орнына келгеннен соң зауыт аумағындағы №4 балқыту цехында №41 пештің жанындағы трансформатор ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады.

Зауыт қызметкерлері өрт сөндірушілер келгенге дейін өз бетінше эвакуацияланды. Өрт кезінде зауыт аумағында көбікті өрт сөндірудің автоматты қондырғысы іске қосылды.