Павлодарлық тоғызқұмалақшылар Ақтауда үздік нәтиже көрсетті

Павлодарлық тоғызқұмалақшылар Ақтауда үздік нәтиже көрсетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ерлер мен әйелдер арасында  Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жоғары спорт шеберлігі мектебінің мәліметінше, тоғызқұмалақтан классика және блиц дисциплиналары бойынша өткен чемпионатқа үш қала мен 12 облыстан 176 спортшы қатысты. Олардың 96-сы – ерлер, 80-і – әйелдер.

Чемпионат қорытындысы бойынша Павлодар облысының  спортшылары тамаша нәтиже көрсетті. 

Әйелдер арасында блиц дисциплина бойынша Роза Жанаева, Жамиля Баилдяшева, Аяжан Егінбай, Мәдина Қарақұлова, Аяна Темірболатова бірінші орынды иеленді.

Ерлер арасындағы классика дисциплинасы бойынша Жанат Қаймулдин, Ринат Керейбаев, Бауыржан Абылайханов, Ерасыл Әутәліпов,  Ардақ Қанапашев, әйелдер арасында классика дисциплина бойынша Роза Жанаева, Жамиля Баилдяшева, Аяжан Егінбай, Аружан Абдыханова екінші орын иегері атанды.