«Бақытты отбасы» Павлодарда оннан астам шаңырақты сақтап қалды
Отбасы қолдаудың «Бақытты отбасы» орталығы Павлодарда 2022 жылы ашылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ашылғаннан бастап 329 отбасы арнайы кеңес алды, 533 адам отбасылық терапиядан өтті, ажырасудан бұрын 12 отбасы татуласты. Медиатор қызметінің көмегіне 44 адам жүгінді.
Одан бөлек, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары мен күрделі өмірлік жағдайға тап болған тұлғаларға көмек көрсету жалғасуда. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпова хабарлады.
- Сонымен бірге, бөлмелердің жетіспеушілігі сезіледі, - деді ол. – Кәмелетке толмаған әйелдерді оңалту үшін әрбір отбасы жеке-жеке бөлмеде тұруы тиіс. Қазір бір бөлмеде 3-4 отбасы тұрады, бұл олардың арасындағы кикілжіңдерге алып келеді.
Оған қоса, облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшыс Ернұр Жәутікбаев әйелдердің экономикалық мүмкіндіктері туралы ақпарат жеткізді. Мәселен, биыл кәсіпкерлікті дамытудың Ұлттық жобасы бойынша 13,6 млрд теңге бөлінген, сол бойынша 157 жобаға қолдау көрсетілді, олардың 60-ы әйел-кәсіпкерлер.
Өңірімізде барлығы 26,6 мың әйел-кәсіпкер бар. Бұл шағын және орта бизнес нысандарының 49,2%.
Фото: Константин Шелков