Успен ауылының әкімі белгілі болды
Бәсекелестікке үш үміткер қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мәлімдеуінше, 28 қаңтар күні Успен сайлау округінде ауыл әкімінің сайлауы өтті.
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3449 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс берген 2327. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 57, «Бәріне қарсы» белгісі бар – 61.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны:
Виктор Негриенко – 143, Сергей Саламацкий – 1951, Олег Усольцев – 115.
Нәтижелерді қорытындылай келе, ауылдық округтің әкімі болып Сергей Саламацкий сайланды. Ол 1964 жылы туған, Успен ауылында тұрады, «AMANAT» партиясымен ұсынылған.