Тереңкөл ауданына алғаш рет қыша мен мақсары отырғызылды
Сонымен қатар, шаруашылықтар зығыр алаңын екі есеге ұлғайтты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Аудан әкімі Азамат Манғұтовтың айтуынша, Тереңкөл ауданында күнбағыстың ауданын 10 мың гектарға қысқартып, орнына бидай егілен.
– Жаңа майлы дақылдарды – мақсары өсірудеміз. Биыл алғаш рет қыша отырғызылды, – дейді аудан әкімі. – Өткен жылы 2,5 мың гектардан бес гектарға дейін зығыр алаңын екі есеге ұлғайттық. Себебі, сұраныс жоғары. Сондай-ақ, бағасы да жақсы.
Айта кетерлігі, қышаға – 2,5 мың, мақсарыға – 0,5 мың және күнбағысқа 76,6 мың гектар қосымша жер бөлінген. Майлы дақылдардан басқа, ауданда бидай, арпа, сұлы, бұршақ дақылдары, жүгері, қарақұмық өсіріледі.
Жергілікті фермерлер дәнді дақылдардың 30 пайызын және майды дақылдардың 70 пайызын еккен. Жұмыс қарқынды жүріп жатыр.
Азамат Манғұтов облыс әкіміне көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу туралы баяндай отырып, инвестициялық жобалар есебінен жергілікті шаруашылықтар суару алаңын 500 гектардан астамға ұлғайтқанын хабарлады.
«Agriculture», «Алекпаров», «Дятлов» және «Yntaly agro» ШҚ жобалары мақұлданды.
Сонымен қатар, фермерлер 20 түрлі ауылшаруашылық техникасын сатып алған. Жылдың соңына дейін техника қатары 1,6 миллиард теңгенің агрегатымен толығады.
Асайын Байханов Шарбақты ауданында майлы дақылдарды өңдеу бойынша асырылып жатқан ірі инвестициялық жобаны келесі жылы аяқтау жоспарлануда.
Естеріңізге сала кетейік, аймақ басшысы Тереңкөл ауданында жұмыс сапарымен барғанда аграршыларды толғандыратын мәселелерді тыңдады. Ауданның егіс алқабы биыл 300 мың гектардан асты.