Шарбақтылық фермер мал шаруашылығына бәс тігуде

Бүгінгі таңда «Антошка» жеке кәсіпкер шаруашылығында 376 жылқы бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жылқыларды табынмен ұстауға және бордақылауға маманданған «Антошка» ЖК басшысы Владимир Тароланың айтуынша, жануарларды союға дайындау үшін шамамен 3-4 жыл қажет. Жоспарда – аналық малдың толық көлемімен нарыққа шығу үшін табынды мың басқа дейін кеңейту.
– Егер қазан айында құлын қойсақ, кем дегенде бес ай бордақылаймыз. Бізде олар тек етке арналған. Мысалы, №505 айғыр: біз оны табыннан алған кезде оның салмағы 900 келі болды, ал 1 сәуірде оның салмағы 1,1 тоннаны құрады, – деп түсіндірді Владимир Тарола.
Фермер келесі жылы мемлекеттік қолдау бағдарламасы бойынша ірі қара – герефордтар мен ангустармен айналысуға ниетті. Ол үшін қажетті құжаттарды жинауды бастаған.
Сонымен қатар, ауыл кәсіпкері ірі түйіршікті жемшөп өндіретін өзінің базалық желісін ашуды ойластыруда. Бұл ауылшаруашылық жануарларының сапалы тамақтануын қамтамасыз ету және ет дәмін арттыру үшін қажет.