Павлодарлықтар 15 әлемдік медальға билеп берді

Павлодарлықтар 15 әлемдік медальға билеп берді
Фото: «Рандеву» клубы

Астанада спорттық бал билері бойынша әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Solo World Championship би турнирі IBDS халықаралық бал билері спорт федерациясының ұйымдастыруымен өтті. Еліміздің астанасына Ресей, Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Италия, Франция және Кипрден спортшылар келді.

Виолетта Никитина мен Анастасия Никитина бастаған «Рандеву» клубының бишілері де жарысқа қатысты. Павлодарлықтар Астанаға 22 қатысушы жіберді.

«Клуб мүшелері ерекше табысқа жетті: Аружан Калиева «Сейшн» санатында бірінші орын алды және 58 қатысушының арасында «Скейтинг» санатында қола медаль жеңіп алды. Айлин Мұхаметрахым да жақыс нәтиже көрсетіп, алғашқы екі орынды иеленді. Адия Әубәкірова жасөспірімдер арасындағы жарыстың финалына шықты», - делінген хабарламада.

Барлығы «Рандеву» би клубының бишілері әртүрлі дәрежедегі 15 марапатқа ие болды.