Павлодарда көшелердің бірі уақытша жабылады

Павлодарда көшелердің бірі уақытша жабылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, осыған байланысты 2024 жылғы 17 шілдеде сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін Ак. Сәтбаев көшесінен Астана көшесіне дейінгі Михаил Исиналиев көшесі жабылады.

Бөлімде жүргізушілерден қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап,  бағытты алдын ала жоспарлауға кеңес береді.