Павлодарда автобустардың жұмысы түнге дейін ұзартылды

Павлодарда автобустардың жұмысы түнге дейін ұзартылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Халықаралық жастар күні концертіне байланысты автобустар түнгі 00:00-ге дейін қатынайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 12 тамыз күні Халықаралық жастар күніне арналған концертке байланысты қалаішілік автобустардың жұмыс уақыты ұзартылады.

Академик Сәтбаев көшесі бойымен қатынайтын автобустар 13 тамыз сағат 00:00-ге дейін жүретін болады.