Екібастұзда екі жасар қыз биіктен құлады
Бала екінші қабаттың терезесінен құлап, аман қалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен демалыс күндері «103» желісіне келген қоңыраулар саны 25% -ға көп болды. Жедел жәрдем станциясына жұма күні– 822 рет, сенбіде – 787 рет, жексенбіде – 850 рет қоңырау шалды.
– Мысалы, жексенбіде кешкі сағат 21:00-де Екібастұздағы көпқабатты үйлердің бірінен биіктіктен құлау оқиғасы туралы қоңырау түсті. Бес минуттан кейін келген дәрігерлер екінші қабаттағы терезеден москит торымен бірге құлаған екі жасар қызға алғашқы көмек көрсетті. Бала қалалық ауруханаға жеткізілді, – дейді қызмет басшысының орынбасары Ирина Мищенко.
Өткен демалыс күндері жедел респираторлық вирустық инфекциялармен байланысты қоңыраулар өте көп болды. Медициналық бригадалар жүктеменің артуына қарамастан барлық қоңырауларды нормативтік мерзімде пысықтап, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, қажет болған әрбір адамды ауруханаға жеткізді.